Дауысты және Дауыссыз дыбыстар

Дауысты дыбыстар

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Тілдің
қатысына қарай:
Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.

[өңдеу]Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.[2]

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940 жылы еңгізілген Аманжолов Сәрсеннің әліпбиі негізінде берілген. Бұл әліпбиді, тоталитарлық жүйе қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әліпбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсіздік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді.